20.11.2022, 12:38
Оқылды: 20

Әділ әділ сайлау өтетініне сенімді

Теректі ауданы орталығында өз таңдауын жасауға асыққан халықтың қарасы қалың. Мысалы, №387 сайлау учаскесіне ағылған орталық тұрғындары керемет көңіл күймен еліміздегі басты оқиға өз үлестерін қосып жатыр.

IMG-20221120-WA0154

Алғаш рет дауыс беруге келген теректілік жас Әділ Талғатұлы сайлауға қатысу әр қазақстандықтың міндеті деп біледі.

- Бүгін мен үшін елеулі күн. Себебі, еліміздегі Президент сайлауына мен тұңғыш мәрте қатысып тұрмын. Өз таңдауымды жасап, еліміздегі тыныштық пен бейбітшілік үшін дауысымды бердім. Ал, аталмыш саяси оқиға әділ өтіп, еліміз гүлдену жолына қарай қадам басатынына менің еш күмәнім жоқ. Сайлау учаскесіне келген сәттен бастап мен ерекше жылылықты  сездім. Алғаш рет дауыс бергенім үшін естелік сыйлық алып, қуанып қалдым, - дейді Әділ.

Сайлау учаскесі ашылған сәтте ең бірінші болып дауыс берген Нұрқанат Орынғалиев те сыйдан құр қалмады.

Атап өтсек, №387  сайлау учаскесіне 1089 адам тіркелген. Қазірдің өзінде 460 адам дауыс беріп үлгерді.

Әділет Орынбасар,

Теректі ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале