1.03.2023, 10:00
Оқылды: 77

Әділ Шайхымалыұлы: «Анамның тісін жұлудан бастап ем...»

Адам баласының басты құндылығы – денсаулық. Ал  ағза сапасының көрсеткіші тістің қадірін ауырғанда ғана білеміз-ау деймін. Көбіне тісіміз қоймастан ауырып, ісіп, тамақ жей алмайтын жағдайға жеткенде барып қана тіс дәрігеріне жүгінеміз. Кішкентай ғана тісің шыдатпай бара жатқанда дәрігерден көмек сұраймыз. Меніңше, бұл өзі бір ерекше мамандық. Осы орайда, білікті стоматолог дәрігер Әділ Шайхымалыұлымен сұхбаттасқан едік. Ол «Лучшие профессионалы стоматологической службы Казахстана» атты кітапқа енген, осы аттас куәлік пен медальдің иегері.

BA0BA638-5F4D-4A1D-8B50-BE9EE99121D1

Кейіпкеріміздің стоматология саласында жұмыс жасап келе жатқанына алты жылдай уақыт болған. Дүние есігін Сырым ауданы Жетікөл ауылында ашқанымен, Әділ Шайхымалыұлының балалық шағы Ақсай қаласында өтеді. Орал қаласындағы «Мақсат» медициналық колледжінің түлегі. Қазіргі таңда KASPIDENT.kz стоматологиялық емханасында стоматолог-хирург болып жұмыс жасайды.

– Әділ Шайхымалыұлы тіс дәрігері болуды бала кезден арамандадыңыз ба? Ең алғаш жұмысыңызды қайдан бастадыңыз?

– Жоқ,
бала кездегі арманым емес. Мектеп бітіргеннен кейін алдымда екі таңдау болды. Бірі заңгер, ал екіншісі дәрігер болу. Соның ішінде тіс дәрігері болуды таңдадым. Осы уақытқа дейін таңдаған мамандығыма ешқашан өкінген емеспін. Жұмысыма күннен күнге қызығушылығым ашылып, жаңа белестерге жетуге талпынамын. Ең алғаш жұмысымды қаламыздағы «ДентАрт» стоматологиялық емханасында бастадым. Осы салада жұмыс жасап жатырғаныма 6 жылдай уақыт болды.

– Стоматолог
деген сөзден көбі қорқады. Осыған не дейсіз?
– Негізі қорқудың қажеті жоқ. Тіс – адамның сұлулығы, денсаулығы деп айтсам болады. Күнделікті тамақ жеуіміздің өзі тісімізге байланысты. Тісіміз дұрыс болмаса, қалаған тамағымызды жей алмаймыз. Ондай кезде асқазанға ауырлық түседі. Негізінде тісті жылына екі рет тексеріп тұру керек. Қазір көптеген тіс емханаларында дәрігерлермен кеңес тегін өтеді. Бұл сіздің тек 5-10 минут уақытыңызды алады. Есесіне ауыс қуысыңызды, көре алмайтын жоғары орналасқан жерлерін, тістеріңіздің арасын дәрігерлер айна немесе рентгенмен сіздерге көрсетіп, түсіндіріп береді. Егерде асқынып бара жатқан болса, сіздерге ескертіп айтылады. Біз судың өзін фильтрмен ішпейміз, сол себепті ауыз қуысына маллет, яғни «тіс тасы» жиналады.  Ауыз қуысын жылына екі рет кәсіби түрде тазартып тұрған дұрыс.
8D7566C0-28D7-4C23-B3F6-FDD321A066BD
– Стоматологияның саласы көп. Неліктен хирургия?

– Өзімнің қызығушылығым осы хирургия саласына түсті. Кейбір кісілер
қаннан, асқынулардан қорқады. Тіс жұлған жер қанша дегенмен ауырып, асқынуы мүмкін. Көбісі бұндай жағдайды мойнына алғысы келмейді. Әрбір дәрігердің жұмысында өзіндік қиындықтары болады. Бастапқы кезде мен терапия саласында тіс емдеуден бастадым. Бірақ әскерден келген кезде хирургияның орны бос болды. Сол себепті хирург болып бастап кеттім. Сол жұмысыммен осы күнге дейін жасап келе жатырмын. Мен тіс жұлып, имплант бұраймын. Негізі, хирургия өзіме қызық сала.

– Сіз н
еше жастан бастап қабылдайсыз? Балалармен жұмыс туралы айтып кетсеңіз.

– Мен кішкентай балаларды да қабылдаймын.
Қазіргі таңда екі айлық еметін баладан бастап қабылдаймын. Олардың тіл жүгеншігін кесіп береміз. Осындай қызмет түрін де атқарамыз. Екі айлық баланың тіл жүгеншігі қысқа болатын болса, бала еме алмайды. Бала ембесе, анасының сүтінен өзіне қажетті дәрумендерін ала алмайды. Өзіне керекті ай сайынғы 800 г салмағын жинай алмайтын жағдайда, тіл жүгеншігін кесу керек. Баламен жұмысқа келсек, емханаға бірінші рет келіп тұрса алдарқатып жұмыс істеуге болады. Егерде осыған дейін басқа жерде қаралып, қорқып қалған жағдайда онымен жұмыстану өте қиынға соғады. Ондай кезде балалар ауызын ашпай, жылауы мүмкін. Қалай болғанда да баланың тісін емдеу керек. Яғни басқа жолдарын табу керек.

– Балалармен бе, әлде үлкендермен жұмыс істеген оңай ма?

– Балалармен жұмыс істеудің өз қиындықтары бар. Баланың тісін жұлу оңай. Бірақ көңілін тауып, түсіндіру, алдау, өте қиын жұмыс. Ал ересек адамдармен жұмыс істеген кезде, өздері келгендіктен бәрін түсінеді. Келердің алдында тіс жұл
ынатынын, емдету керектігін біліп келеді. Баламен де, ересектермен де жұмыс істеудің өзінің техникасы бар.

– Қандайда бір ауруы бар адамдармен қалай жұмыстанасыздар? 
Егер пациент қорқып тұрса ше?

– Бізге науқас келген кезде бірінші сұхбат жүргізіледі. Қай тісі ауырып тұр, қандай да бір созылмалы ауруы бар
ма, қан қысымы, қант диабеті, гепатит, осының барлығы сұралады. Қан қысымы бар екені айтылса, ең алдымен тонометрмен өлшеп аламыз. Біз жаңа әдіспен жұмыс жасағандықтан, балаларға, аяғы ауыр әйел адамдарға, қан қысымы, жүрек ауруы барларға арналған тиісті дәрі-дәрмектер бар. Сондықтан оларды қарауда аса қиындықтар тумайды. Қан қысымы көтеріліп тұрған адамдарға бірінші көмек көрсетіп, барынша түсіруге тырысамыз. Ал егерде қатты көтеріліп жатса, жедел жәрдемді де шақырамыз. Бірақ бұндай жағдайлар өте сирек болады.

Менің жұмысым хирургия, яғни тіс жұлу. Көп адамдардың қорқатыны осы сала. Өзіме келгендерді біліктілігіме сендіріп, кірген кезден бастап сөйлесіп, неден қорқатынын сұрап алу арқылы тіл табамын. Кейбір адамдар уколдан немесе құралдардан қорқуы мүмкін. Біздер темір, үшкір қысқыштармен жұмыс істейміз. Құралдардан қорқатын адамдарға оларды көрсетпеуге тырысамыз. Мен өз жұмысымды жылдам, әрі ұқыпты жасауға тырысамын.

– Ең бірінші тіс жұлған кезіңіз есіңізде ме?

– Бірінші емделушім
студенттік кезде анам болған. Анамның жұлатын тістері болды сол кезде. Оқуды бітірер жылы мемлекеттік тәжірибе кезінде бірінші рет тіс жұлып көрдім. Қасымдағы хирургтың бағыттауымен, қарауымен жұлдым. Сол кезден бастап менде хирургияға қызығушылық пайда болды.

– Біліктілігіңізді арттырып отырасыз ба?

– Иә, әрине.
Біздің елімізде стоматология саласының қосымша оқулары көп өтіп тұрады. Бастықтарымыз осындай жерде оқу өтеді деп ұсыныс жасайды. Қазақстан бойынша шеберлік сабақтары, семинарлар өтеді. Кейде шетелдік оқытушылар да келіп жатады. Ақтөбе, Астана, Орал қаласындағы оқуларға барып жүрмін. Мен осы қосымша оқулардан көп нәрсені үйрендім деп айта аламын. Заманауи уколдар, жаңа технологиямен тіс салынып, емделеді. Медицинаның ішінде стоматология ең қымбат қызмет түріне жатады. Жылдан-жылға стоматология саласы жаңарып, дамуда. 10-15 жылдық тәжірибесі болғанмен, жаңа әдістерді қарамаса, бір орнында қалып қояды. Мен өзім теориядан гөрікөзіммен көргенді ұнатамын. Біреулер алдымен оқиды, сосын барып істей алады. Ал мен көргенімді қайталап бере аламын.

– Жұмыс барысында не ұнайды және ұнамайды?

– Басқа емханалар қабылдамай, сізден басқа ешкім жұлмайды деп естідім деген кездер ұнайды. Оңай жұлынып, келесі күні қайта тексеруге келген кезде тістің жақсы жазылып келе жатырғанын, ешқандай асқынбағанын көріп, халықтан алғыс естіген кездер ұнайды. Ұнамайтыны, менің баламның тісі жұлатын емес, емдеу керек дейтін ата-аналар болады. Мен біреуден естідім, көрдім, оқыдым деп келеді. Біз жұлатын тіс екенін көріп, қанша айтсақ 
та түсінбейтін ата-аналар бар. Осындай жандармен жұмыс істеу өте қиын.

– Әділ Шайхымалыұлы с
ұхбат бергеніңізге рахмет! Еңбегіңіз табысты болсын!

Айдана Абдрахманова

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале