29.04.2022, 10:30
Оқылды: 82

Әділет мамандарымен «Құқықтық мәдениет» насихатталды

Бөкей ордасы ауданы әкімдігінде облыстық әділет департаментінен келген лауазымды меймандармен өткен алқалы жиын "Құқықтық мәдениет" жобасының жүзеге асуына бағытталды.

279249631_2853730871440003_2181567060932866143_n

Аталмыш делегацияны бастап келген БҚО әділет департаментінің тіркеу және халыққа заң қызметін көрсету бөлімінің басшысы Гүлдана Нұржанова әр ауылдық округте әкімшіліктің лауазымды тұлғасына сенімхатты, қол қоюшыны растау сынды төрт нотариаттық қызметті көрсетуге мүмкіндік берілгендігін айтып, оның артықшылығы ауыл тұрғынына қолжетімділігі және ұсынылатын қызметтің нотариус қойған тарифінен едәуір арзандығында екеніне баса назар аударды.

29

Аудандық мәслихат депутаты Бибігүл Жұмағұлова қазіргі таңда Жәнібек және Бөкей ордасы ауданына қызмет ететін бір адвокат аздық ететінін айтып, ауданның өз адвокаты болса деген, аудандық мәслихат хатшысы Лариса Қайырғалиева аудан тұрғындарының құқықтық сауаттылығы төмен екенін мәлімдеп, насихат жұмысын тиісті мамандар жүргізсе деген тілегін білдірді.

Шара барысында нотариустің қызметіне, қоятын тарифіне қатысты сауалдар қойылып, оған тиісті мамандар жауап берді.

279123326_2853731074773316_247878229513549274_n

Кейін меймандар «Аманат» партиясы залында және аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында жеке қабылдау жүргізіп, заңгерлік түсініктемелерін берді. Әділет департаментінің бас маманы Саягүл Ибрагимованың айтуынша, келушілерді қоғамдық ұйымды жабу мәселесі, алимент өндіру жайы, көпті толғандырған жеке мүлікті заңдастыру тәртібі толғандырған екен.

279178706_2853731678106589_2006220353383303771_n

Сонымен қатар әділет департаментінің делегациясы аудан жастарымен жүздесіп, құқықтық сауаттарын артты.

Раушан Бақытова,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале