27.12.2019, 14:55
Оқылды: 42

«Әдістемелік десант» жобасы ұстаздар үшін тиімді

Шыңғырлау аудандық білім саласында әдістемелік қызмет барысында көмек беру, инновациялық үдерістер мен бастамаларды жетілдіру, инновациялық қызметті ынталандыру, кемшіліктерді анықтап жою, білім беру қызметінің мақсатын жүзеге асыруға ықпал ететін байланыстар мен қарым-қатынастарды қалыптастыруда инновациялық қызметтер жүзеге асырылуда.

serpin (1)

Соның ішінде «Әдістемелік десант» жобасын атап өтуге болады. Алғашында «Әдістемелік десант» ауданның білім беру ұйымдарының жаңартылған білім беру мазмұнына көшу жағдайына дайындық жұмыстарын педагогтерге әдістемелік сүйемелдеу мақсатында құрылды. Аталған қызмет мектептерде 2 кезеңмен өткізілді.

serpin (2)

Бұл жобада мектеп директорлары мен орынбасарлары, әдіскерлер, білім беру ұйымдарының педагогтері кездескен қиындықтарды бірлесе отырып шешіп, талдауға мүмкіндік алды. «Әдістемелік десант» - жаңартылған білім мазмұнына көшу кезіндегі ШЖМ педагогтеріне әдістемелік көмек көрсетудің заманауи нысаны» тақырыбындағы әдістемелік құрал облыс көлемінде таратылды. Оны ұстаздар педагогтер кеңінен пайдалануда.

serpin (3)

2019 - 2020 оқу жылының қараша айынан «Қалыптастыруша бағалау – сапалы оқытудың маңызды аспектісі» тақырыбында «Әдістемелік десант» жетекші мектептерде (А.Тихоненко атындағы мектепте, Шыңғырлау мектебінде және Л.Қылышев атындағы мектепте) өткізілді. І кезеңінің бірінші бөлімінде сабақты әдіскерлер өткізді. Екінші бөлімде «Қалыптастырушы бағалауда проактивті болу» тақырыбымен фасилитациялық сессия өткізілді. ІІ кезеңде бір аптадан кейін мектептерге барып, барлық пән мұғалімдерінің сабағы бақыланды. Әдіскерлер сабақты әр мұғаліммен жеке талдап, ұсыныстарын айтып, әдістемелік көмек берді.

 М.Сакиева,

Шыңғырлау аудандық

білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagr am-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале