Биылғы Жолдауында Мемлекет басшысы еліміде АЭС құрылысы бойынша шешімді халық қабылдайтынын айтып, референдум өтетін күнді 6 қазанға белгіледі.
Жолдаудан туындайтын міндет-мақсаттар, сонымен қатар халпыхалықтық референдумның маңызы жөнінде түсінік жұмысы Ақжайық ауданында жалғасып жатыр.
Ақжайық ауданындағы АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб мүшесі, аудандық мәслихат төрағасы С.Сиражев медицина мамандарымен кездесіп, сұхбаттасты.
Ол еліміздегі энергетика тапшылығының алдын алу, «жасыл» энергетиканы дамыту және атом электр стансасының мүмкіндіктері туралы кеңінен баяндады.
Сонымен қатар спикер баламалы энергетиканы бейбіт мақсатта пайдаланудың елімізге экономикалық, әлеуметтік тұрғыда берер артықшылықтарын да баса атап өтті.
Шара барысында дәрігерлер қауымы атом энергетикасы туралы сұрақтарын қойып, референдумда өз таңдауларын жасайтынын айтты.
Әсел Сағын
Ақжайық ауданы