16.09.2024, 18:00
Оқылды: 74

«АЭС салу маңызды қадам» – Казталовта халықтық штаб мүшелерінің жұмысы жалғасып жатыр

Бүгін Казталовта АЭС салуды қолдау жөніндегі аудандық халықтық штаб мүшелері №11 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өткізіп, АЭС салу жөнінде түсіндерме жұмыстарын жүргізіп, жадынама таратты.

F5E35808-2D54-4230-B02D-E992A68A9703

– АЭС құрылысы айналасындағы инфрақұрылымды дамытуды көздейді. Мысалы өңірді дамытудың жаңа бағдарламасы жасалады, онда жолдар, мектептер, ауруханалар, тұрғын үйлер және т.б. салу көзделетін болады. АЭС құрылысы жергілікті бюджетке салықтардың өсуіне серпін береді, ұзақ уақыт бойы электр энергиясына тұрақты бағалардың қалыптасуына ықпал етеді. Сондай-ақ, АЭС 60 жылдан астам уақыт бойы тұрақты энергиямен жабдықтауды генерациялауға ықпал етеді, - аудандық халықтық штаб мүшесі Айбек Көшеғалиев.

AE941DA2-0741-48AA-9062-2AAACB51FA22

№11 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері де ел үшін маңызды қадам жасалатын референдумға қатысатындықтарын жеткізді.

«Ауыл айнасы», Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале