10.09.2024, 16:30
Оқылды: 66

«АЭС салу – заман талабы»: Казталовта кездесу өтті

Бүгін Казталов ауданында құрылған қоғамдық штаб мүшелері аудан орталығындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мекемесінің ұжымымен кездесті.

8DE93CA3-FEDF-425F-AD7A-AD5EE4A82197

Кездесуде қоғамдық штаб төрағасының орынбасары Жүсіп Шакуов Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауы туралы айтып, соның ішінде АЭС салу үшін халықтық референдум өткізуге тапсырма бергенін тілге тиек етті.

A52083CD-B8FC-4FC5-9AF0-42B02C4231C9

Энергетика саласында көршілес мемлекеттерге тәуелділіктен арылу және экологиямызды түзеу, жасыл экономикаға көшу үшін АЭС салу маңыздылығы туралы қоғамдық штаб мүшесі, ақсақал Уәлиолла Әбішев әгімелеп берді.

Кітапхана ұжымы еліміз үшін маңызды жобаны қолдайтынын жеткізіп, АЭС салу – заман талабы екенін алға тартты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале