17.09.2024, 15:30
Оқылды: 73

АЭС салудың маңызы зор

8957F17C-6B4A-4E4C-AAD5-0AA0363756B1

Ақұштап Сапарғалиева, жастар ісі жөніндегі кеңесші-маман

Бударин ауылы, Ақжайық ауданы

– Елде тұңғыш АЭС салудың өте қажеттілігіне орай қазақстандықтардың ойлы пікір, ұсыныстарынан Отан болашағына, халқымыздың игілігіне деген жанашырлық, мүдделілік айқын көрінеді.

Құрамында саяси партиялардың орталық және аймақтық белсенділері, республикалық қоғамдық бірлестіктер өкілдері, Парламент, мәслихаттар депутаттары, ғалымдар, мәдениет, спорт қайраткерлері, жастар ұйымдарының белсенділері бар халықтық штабтың да референдумның ерекше маңызын ұғындырудағы жұмыстары пәрменді.

АЭС көтеру Әділетті Қазақстан құру жылнамасына жаңа парақ қосып, бейбіт атомның ел-жұртымыздың берекесіне қызмет етуіне жол ашады. Осы жылдың 6 қазаны отандастарымыздың жаңашылдыққа ұмтылысымен тарихта таңбаланады деп санаймын. Референдумда дауыс беру, ойдағыдай, ұйымшылдықпен өтуіне тілектеспін. Ертеңіміз үшін ұйысу – елдігімізге сынақ.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале