20.09.2024, 23:00
Оқылды: 107

АЭС: Жаңақалада Халықтық штаб өкілдері ауыл тұрғындарымен жүздесті

Бүгін АЭС-ті қолдау жөніндегі Жаңақала аудандық Халықтық штаб өкілдері Фазыл Сапаров және "Көпжасар" БПҰ төрайымы А.Хайреденова Саралжын, Салатанат елді мекендерінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

IMG-20240920-WA0063

Іс-шара барысында Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша 6 қазанда өтетін референдум мен Президент Жолдауының жүзеге асырылу барысы талқыланды.

“Біз күнделікті тұрмыста электр энергиясынан қуат алып келеміз, енді елімізге қуат беретін сәт туды! Дұрыс шешім қабылдайтын уақыт келді деп нақты қорытындылай кетті”- штаб төрағасы Фазыл Сапаров.

Атом энергетикасы бойынша толық ақпарат әрі өзекті ақпаратты aes2024.kz сайтынан таба аласыз.

Аруғаным Қазиева,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале