Бөкей ордасы ауданындағы Құрманғазы №71 сайлау учаскелік комиссиясының төрағасы Бекзат Өтеғалиев дәл осылай дейді.
- Ауылдағы ата-әжелеріміз түгел дерлік күнмен таласа тұрып, учаскеге келіп, дауыстарын беріп кетті. Аға буынның осы бір азаматтық белсенділігі, жауапкершілігі жастарға үлгі болса екен, - дейді Бекзат Өтеғалиев.
Саралжын ауылдық округі әкімінің сайлауы екі учаскеде өтуде. Бірі - Саралжын ауылдық округінде, екіншісі - Бескөл елді мекенінде. Дәл қазір №71 сайлау учаскесінде 248 сайлаушы, №72 сайлау учаскесінде 59 сайлаушы өз таңдауларын жасады.
Ұлпан Әнуарқызы,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz