Жедел іздестіру шаралары барысында БҚО ПД Ақжайық аудандық полиция бөлімі мал ұрлығымен айналысып келген 1978, 1982 және 1987 жылы туған ағайынды жігіттер құрықталды.
Қазіргі таңда күдіктілер үстінен ҚР ҚК 188-бабының 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ күдіктілердің тұрғылықты мекенжайларынан тіркелмеген аңшы мылтықтары, атыс қарулары және түрлі калибрдегі оқтар мен пышақтар табылып, тәркіленді. Бұл факт бойынша да тергеу амалдары жүруде.
Ұрылардың кесірінен зардап шеккен мал иелері анықталуда.
Төтенше жағдайларға байланысты азаматтарға полиция бөліміне келуге болмайтындығын ескертеміз. Мал жоғалғандығы туралы барлық арыз-шағымдар қаралып, расталған жағдайда ұрланған мал карантин аяқталған соң заңды иелеріне қайтарылады. Жәбірленушілерге полиция қызметкерлері өздері барып жолығады.
Барлық түлік актіленіп, аталмыш жылқылар полиция бөлімі мен жергілікті атқарушы биліктің ұйымдастыруымен күзетке алынып, күнделікті бағылатын болады.
Әлия Серік
Ақжайық ауданы
zhaikpress.kz