13.10.2021, 16:05
Оқылды: 72

Ағалар клубы құрылды

Бәйтерек ауданы Трекин ауылдық клубы жанынан "Абзал ағалар" атты ардагерлер клубы ашылды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған ерекше жоба Бәйтерек мәдени - демалыс орталығының қолдауымен жүзеге асты. 

vv

Клуб құрамына халқымыздың мәдениеті мен өнерін насихаттап, оның өркендеуіне үлес қосып жүрген және шахмат, дойбы сияқты логикалық спорт түрлерін жастар арасында кеңінен таратсақ деп жүрген жандар кірді. Күні кеше жас мемлекетіміздің аяққа тұрып кетуіне  үлес қосып, аянбай еңбек еткен трекиндік ардагерлердің біразы клуб мүшелігіне өтті.

Ел ағаларының басын қосқан орта мүшелерінің алды 83 жаста болса, ең жасы 50 - де. Көпшілікке, әсіресе зейнет жасындағы жандарға пайдасы тиер клубтың салтанатты ашылуына ауылдық округ әкімі М.Сейітов, ақсақалдар кеңесінің төрағасы Т.Ғинаятұлы және Бәйтерек ауданының мәдени-демалыс орталығы әдістемелік бөлімінің басшысы А.Намазова қатысты.

v
-Халық саны артқан Трекин үшін мұндай клуб қажет-ақ. Енді ауыл қариялары бос уақыттарын тиімді өткізіп, бір орында бас қоса алады. Жаңа клуб пікір алмасып, ел ішіндегі мәселелердің шешу жолын талқылар орынға айналсын, -деді ауыл әкімі М.Сейітов.

Сондай-ақ жиында ақсақалдар кеңесінің төрағасы Т.Ғинаятұлы және Бәйтерек ауданының мәдени-демалыс орталығының әдістемелік бөлімінің басшысы А.Намазова сөз сөйлеп, жаңа орын аға буын мен жастар арасын қосқан көпір болады деген сезімдерін білдірді.

vvv

Шара барысында "Көңіл ашар" әжелер ансамблі,  "Абзал ағалар" клубтарының мүшелері өнер көрсетті. Одан бөлек мәдениет саласының майталманы Б.Құрмекешев Абайдың "Көзімнің қарасы", Ә.Бөкейхан "Ағаларым", И.Тасжанұлы "Есіңе мені алғайсың" әндерін шырқап, жиын сәнін кіргізді.  Одан бөлек ауылдың басқа да өнерпаздары ән шырқап, би билеп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Салиқалы ұрпақ өсіріп отырған ағалардың басын біріктірген клуб жұмысы өз жемісін береді деген сенімдеміз.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале