21.02.2018, 12:29
Оқылды: 59

Агенттік өкілі Сырым ауданына келді

Бүгін Сырым ауданына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аппаратының басшысы Саян Ахметжанов келді.

Агенттік өкілі мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауын талқылау мақсатында Сырым ауданының активімен кездесу өткізді. Кездесуге Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев төрағалық етті.

- Тиімді мемлекеттік басқару, жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі мәселелері биылғы жолдаудың сегізінші және тоғызыншы басымдықтары ретінде көрсетілді. Қазіргі күні мемлекет кәсіби мемлекеттік қызметті жетілдіруді негізгі мақсат қылып отыр. Мемлекеттік қызмет саласына әдептілік пен ашықтық керек. Қызметкерлер тек мансапты сатымен жоғарылауы тиіс. Басқалай жол болмауы керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл әдістерін қылмыстық жазалаудан бұрын, оның алдын алу, жемқорлыққа апаратын себептер мен тәуекелдерді жоюға жұмыстар жүргізу – басты міндет. Халықты, азаматтық қоғам өкілдері, ең бастысы, мемлекеттік қызметкерлерді осы міндетке мүдделі болуға шақырамын, - деді Саян Ахметжанов өзінің сөзінде.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалының бірінші орынбасары Талғат Дарғожиев пікір білдірді.

Осы күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аппаратының басшысы Саян Ахметжанов азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді. Қабылдауға аталмыш агенттіктің БҚО департаментінің басшысы Болат Исақов қатысты.Тұрғындар агенттік өкіліне шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламасындағы біріккен жауапкершіліктің тиімсіз тұстары, ауылдарға қызмет етуге келген мемлекеттік қызметкерлерді мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша жолықты.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале