19.06.2023, 18:00
Оқылды: 12

Агросекторға озық технологияның  тілін білетін маман керек

Агросекторға цифрландыру технологияларын енгізу ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бизнес процестерін автоматтандыру аграрлық бизнестің әсерін едәуір арттырады және ауыл шаруашылығы өнімдері айналымының процесін өзгертеді. Осы ретте Бәйтерек ауданы бойынша ауыл шаруашылығы саласында бірнеше жоба сәтті іске асырылып, жұмысын жалғастырып жатыр.

ЖП (1)

Айталық, жайылымдық жерлерді суару және жақсарту бағдарламасына сәйкес ауданда 113 құдық бұрғыланды.

Дамбалар мен бөгеттер салу арқылы жануарларды суаруға арналған 23 табиғи су қоймасы құрылды. Аудандағы шаруашылық иелеріне осындай құдықтары мен бөгеттері бар 49603 гектар жайылымдық жерлер бекітілген.

Жайылымдық жерлерді ұтымды пайдалану үшін электронды бақташылар (кернеуі 10-12 вольттық металл сымдар тартылған қоршау) пайдаланылады.

Ауданда 12 шаруа қожалықта жалпы жайылым ауданы 2240 гектар болатын электронды бақташы бар.

Сондай-ақ қазіргі таңда «Жайлау», «Қараша», «Гатауов», «Жебе», «Қызылбас» сынды шаруа қожалық иелері күн батареяларының игілігін көріп отыр.

ЖП (2)

Сонымен қатар егістік жұмыстарына іші заманауи технологиямен жабдықталған «Джон Дир», «Кейс», «Нью–Холланд» маркалы егіс кешені, 450 бірлік шынжыр табанды трактор және 615 трактор тіркемесі қолданылады, одан басқа 20 дана «Дегельман» маркалы кең көлемді тырмалар қолданылады.

ЖП (3)

- Ауыл шаруашылығы саласында да озық технологияның тілін білетін мамандарға, тәжірибелі трактор жүргізушілері мен бақташыларға сұраныс бар. «Еңбегіне қарай өнбегі» демекші, жалақысын көтеру  қарастырылған. Кәсіпкер азаматтар ісіне тиянақты жұмысшы болса, баспанамен қамтуды да жолға қойған. Ерінбеген адамға ауылда жұмыс жетерлік. Маңдайы терлемегеннің, тұрмысы шалқымайды, - дейді аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Манарбек Жандарбекұлы.

 

Гүлім Орда,

 Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале