1.11.2021, 17:37
Оқылды: 48

Айбек Ақтөбеден абыроймен оралды

Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығы жанындағы халықтық «Тасқала» вокалды-аспапты ансамблінің сүйемелдеушісі Айбек Кахов Ақтөбе қаласында өткен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған қазақтың бард ақыны Табылды Досымов атындағы «Сәйгүлік» республикалық байқауында жыраулық поэзияның заманауи саласы-бардтық өнердің озық үлгісін көрсетіп ІІІ орынды иеленді.

18

Байқауға Жезқазған, Талдықорған, Жамбыл, Қызылорда, Маңғысьау, Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарынан 13 үміткер қатысып, қазақтан шыққан тұңғыш бард ақынның шығармаларын нақышына келтіре орындады.

Бәсі биік байқауда кіл мықтылармен додаға түсіп, Батыс өңірінің намысын қорғап, жеңімпаз атанған Айбекке жүлдең құтты болсын дейміз!

Бинұр Хабидашева,

Тасқала ауданы,

Тасқала аудандық мәдени-

демалыс орталығының әдіскері

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале