14.08.2025, 20:00
Оқылды: 706

Айдарбек Төлепұлы - ердің жасы елуде

Жәнібек ауданының түлегі, қазірде Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебін басқарып отырған Айдарбек Айтпукешев мерейлі 50 жасқа толып жатыр. Осы орайда Жәнібек ауданының әкімі Тимур Шиниязовтың аманатын арқалап барған аудандық мәслихаттың төрағасы Тахир Қадимов мерейтой иесін құттықтап, құттықтау хат табыстап, иығына шапан жапты.

image-14-08-25-05-15 (1)

​Айдарбек Төлепұлы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын филология факультеті бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын орыс тілі және әдебиеті мұғалімі ретінде бастап, кейін Жәнібек ауданындағы мектеп директорының орынбасары, мектеп директоры болды. Әр жылдары Батыс Қазақстан облыстық педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Орал қаласындағы филиалы директоры қызметін атқарды. Атырау қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебін басқарған. 2020 жылдан бері Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры қызметінде.

Гүлзара Мәди

Жәнібек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале