8-наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай бүгін Сырым ауданы орталығында Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы әйел-аналарға тегін такси ұйымдастырды. Ресурстық орталықтың мамандары және волонтер жастар нәзік жандыларды діттеген жеріне тегін жеткізді.
Акцияда Нұртілек Кенжебаев, Қолқанат Есенғалиев, Қайсар Хали, Мәдениет Үмбетияров сынды жастар жеке көліктерімен 155 аруды тегін тасымалдады.
Тегін такси қызметі аруларға мерекелік көңіл күй сыйлауды да ұмытпады. Ақысыз тасымалданған нәзікжандыларға гүл шоқтары мен тәттілер де таратты.
Игі іске разы болған ақ жаулықты аналар баталарын берді.
Шынар Молданиязова,
Сырым ауданы