Бүгін Жаңақала ауданының қайта құрылғанына 50 жыл толуына және биыл алғаш рет тойланған 24 қазан – Кітапханашылар күніне орай Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен «Әйел қырық шырақты» атты дөңгелек үстел өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, «Айзере» әжелер ансамблі, еңбек ардагерлері және кітапхана қызметкерлері қатысты. Әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді. Жиынға қатысып отырған әйел адамдар да ауданның гүлдеп, өркендеуіне атсалысып жүрген еңбек адамдары, өңірдің өзекті мәселелеріне, дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген қоғам белсенділері. Нәзікжандылар жиналған дөңгелек үстел барысында А.Нұрғалиқызы ауданның күрмеулі мәселелерін, атқарылып жатқан істер туралы да сөз қозғады. Атап айтсақ, мал шаруашылығы, шаруа қожалықтарының жай-күйі, кәсіпкерлік сала, су, көгілдір отын, мектеп құрылысы, жаяу жүргіншілер жолы және «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан істер туралы да сөз етті. Денсаулық сақтау саласы бойынша ауылдық жерлерде жаңа дәрігерлік нысандар салынатынын айта өтті. Әсіресе, ауылдық округтердің кірме жолдары туралы, ондағы жасалып жатқан құрылыс жұмыстарының жай-күйіне тоқталып, аудан орталығындағы жол құрылысы мәселесін де талқыға салды. Сонымен қатар көпбалалы отбасыларға берілетін тұрғын үй құрылысының да жыл аяғына дейін аяқталатынын тілге тиек етті. Жастарға арналған «Жасыл ел», «Жастар практикасы», «Қайтарымсыз грант» бағдарламаларына тоқталды.
Шара барысында кітапхана жүйесінде 1994-2010 жылдары директор қызметін атқарған, ардагер кітапханашы Балдай Әліпқызы облыс әкімі Ғали Есқалиевтің «Үздік мәдениет қызметкері» төсбелгісімен марапаттады. Ауданның өркендеуіне елеулі еңбек сіңірген Мәдім Қуанғалиқызы, Светлана Міржаққызы, Роза Қабошқызы, Дәріш Мұхамбетқызы, Бақыт Жұмағалиқызы аудан әкімі Дархан Закариннің алғысхатымен марапатталды.
Жиын соңында қатысушылар алғыс, пікірлерін білдіріп, ән айтып тарқасты.
Нұргүл Елтайқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz