Шыңғырлау ауданында Алтын Жұмағашиева жетекшілік ететін Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі комиссияның көшпелі отырысы өтті.
Алғашқы кезекте облыс орталығындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының директоры Талшынай Жүніс және аудандағы «Болашақ» бөбекжайының салынуына тікелей көмек еткен «ЭКСПО» ЖШС директоры, аталмыш комиссияның белді мүшесі Людмила Щукина сөз сөйлеп, өз қызметтері туралы баяндап берді. Комиссия отырысында Шыңғырлау ауданы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының жұмысы баяндалса, «Шыңғырлау әйелдері» қоғамдық бірлестігі мен аналар кеңесінің жұмыстары да назардан тыс қалмады.
Ал дағдарыс орталығының педагог-психологы, отбасылық кеңесші Айман Насырова психологиялық тест өткізсе, елімізге танымал магнит әйел Қарлығаш Нығметова қабілетін тағы бір көрсетіп, әйел тағдыры туралы ойын ортаға салды.
Отырысты қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Азамат Бисембаев комиссия мүшелеріне алғысын айтып, алда да бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.
Айта кетелік, жиынға аудандық мәслихат хатшысы Г.Волкогон мен мәслихат депутаттары да қатысты.
Айсұлу Арыстанова
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер