31 наурыз және 1 сәуір күндері ауданымыздағы барлық мекеме, бөлімдердің ұжымдары жаппай сенбілік ұйымдастырды.
Аудан әкімінің өкімімен бекітілген, 1 сәуір және 1 маусым аралығындағы санитарлық айлық аясында ұйымдастырылған сенбілікте ауылдық округтер орталығы мен елді мекендердегі көшелер тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Бөлім, мекеме ұжымдарының бұл бастамасы халықтың қолдауына ие болып, ауданымыздың әр тұрғыны ауылдың тазалығына ден қойса нұр үстіне нұр болмақ.
Асылбек Нәсіпқали,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz