Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Атырау қаласында «Тәуелсіз елдің таланттары» атты мүмкіндігі шектеулі жандар арасында аймақтық фестиваль-конкурсы өтті.
Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен «Сенім шыңы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен шараға Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарынан келген қатысушылар бақтарын сынады.
Аталмыш байқауда, Бәйтерек ауданы ОКЖ-нің Асан ауылдық кітапханасының оқырманы Төлеген Жанерке да бой көрсетті. Жанерке облыс туын жерге жықпай фестиваль-конкурстан арнайы алғыс хат және ақшалай сыйлықты қанжығалап оралды.
Сонымен қатар озық ойлы оқырманын баптап бәйгеге қосқаны үшін кітапханашы Данира Бекқализы да алғыс хатпен марапатталды.
Назерке Сыйлыбаева,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер