24.01.2025, 17:00
Оқылды: 19

Айнагүл мен Әсемгүл «Күміс алқа» иегерлері атанды

Бүгін Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов сырымдық аналарға мемлекеттік награда табыс етті. 

жп кумис алка сырым ауданынан

Алғабас ауылының тұрғындары Мұратбек пен жары Әсемгүлдің шаңырағында алты перзент бар. Үлкен ұлдары Мұхамбетәлі - студент. Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетінің ветеринария факультетінің 1 курсында оқиды.

Бүгін Әсемгүл Сисенова «Күміс алқа» иегері атанды.

Награда салтанатты жағдайда Сырым ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында тапсырылды.

IMG_7841

ҚР Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың 2024 жылдың 23 желтоқсанындағы Жарлығымен «Күміс алқа» тағынған көпбалалы ананың бірі - жымпитылық Айнагүл Шынтасова. Айнагүл жұбайы Самат екеуі 2 ұл, 4 қыз тәрбиелеп отыр. Бесіктойдан бесіктойға жеткен жас жанұяның отанасы марапатты қуанышпен қабылдады.

Марапаттарды құрметпен тапсырған аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов «Бір қолымен бесік, бір қолымен әлемді тербеткен» аналардың қоғамға зор үлес қосып жатқанын айтты. Себебі махаббатпен тәрбиеленген әр бала - елдің ертеңгі ерен тұлғасы.

Жұмагелді Жолдыбайұлы Сырым ауданында көпбалалы аналар ұйымын ашуды ұсынды.

 

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале