Жуырда қазақ поэзиясына үлкен қолтаңба қалдырған қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «AQJAIYQ» телеарнасы 16 жасқа дейінгі оқушылар арасында облыстық байқау ұйымдастырған болатын.
Байқауға облыста 112 оқушы қатысуға ниет білдіріп, ақын өлеңдерін нақышына келтіре орындады. Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар озатын бұл байқауда Шыңғырлау ауданынан Л.Қылышев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 0 б сынып оқушысы Айнамкөз Бітімбай ақынның «Сары жапырақтар» атты өлеңін оқып берді. Аталмыш телеарнаның «Күншуақ» бағдарламасында тікелей эфирде байқау қорытындысы жарияланып, нәтижесінде 5 жасар Айнамкөз «Ең кішкентай өнерпаз» аталымына ие болды.
Әсемгүл Құрманғожиева,
Шыңғырлау ауданы