3.02.2024, 0:00
Оқылды: 3

Айтулы күнмен құттықтады

Бүгін Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының басшысы Асқар Ажғалиев пен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Аслан Бижанов редакциямызға арнайы келіп, "Орда жұлдызы" газетінің ұжымын бүгінгі Ұлттық басылым күнімен құттықтап, аудан әкімі Нұрлыбек Даумовтың атынан құттықтау хаты мен сый-сияпатын тарту етті.

FB_IMG_1706885599097

- Ширек ғасырға жуық тарихы бар газетіміз бүгінгі тірлігімізді, қоғамдағы жаңалықтарды тасқа басып, қаттап, ертеңгі тарихты жазып отырған жылнамамыз іспеттес. Ауданымыздың жеңісі мен жетістіктері, қоғамдық саяси-әлеуметтік ахуалы бәрі-бәрі осы газетте көрініс тауып, көпшілікке тарап жатады. Жазар жақсы жаңалығымыз көп болсын! Еңбектеріңізге табыс тілейміз, - деді Асқар Ғайноллаұлы.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Аслан Бижанов та:

- Қаламдарыңыз қарулы, сөздеріңіз өтімді, мақалаларыңыз оқылымды болсын! - деп игі тілегін білдірді. Келген қонақтарымыз редакциямыздың аға буыны, жиырма бес жыл табан аудармастан қызмет етіп келе жатқан майталман маман Ағира Абдированы зейнет жасына жетуімен құттықтап, тілектерін айтты.

- Айтулы күнде арнайы кеп, аудан басшысы атынан кәсіби мейраммен құттықтап жатқандарыңызға үлкен рақмет. Әрдайым да жұмысымызға түсіністікпен қарап, қолдау көрсетіп келесіз. Қолдауларыңызға, бүгінгі сый-сияпаттарыңызға ұжым атынан алғысымды айтамын,- деп ризашылығын білдірді.

FB_IMG_1706885596312

Естеріңізге сала кетсек, 2023 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен дәл бүгінгі күн, яғни 2 ақпан күні Ұлттық басылым күні болып бекітілген еді.

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале