29.03.2022, 18:30
Оқылды: 95

Айтыскерлер ән салып, доп қуалады

Кеше Бөрлі ауданына Ақжайық өңірінің танымал айтыс ақындары келді. Айтыскерлер десе көз алдымызға қолдарына  домбыра алып кезектесе жырлаған екі жұп, екіге жарыла қошеметтеген нөпір жұрт келеді ғой. Бұл жолы олар айтысқан жоқ. «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы  аясында аудандық демалу орталығына қарасты комьюнити орталығының ұйымдастыруымен, жергілікті айтыс ақыны Жарқынбек Шынтаевтың жетекшілігімен олар әуелі аудандық орталықтандырылған кітапхана жанындағы Дариға Нұрашева жетекшілік ететін «Алтын қалам» ақындар мектебінің жұмысымен танысып, жалпы аудандағы әдеби орта өкілдерімен айтыс өнері, оның Батыс Қазақстан облысындағы жай-күйі туралы сыр-сұқбат құрды.

61E0950B-8C16-49C6-B981-94BB8F73FA8C

Аудан әкімінің орынбасары А.Көшкінбаев қатысып, қош келдің айтқан бұл шара  «Наурыз-думан» караоке батл байқауына ұласты. Айтыскер ақындар жеребе бойынша таңдап алған жұптарымен бірінші айналымдда қазақ композиторларының патриоттық әндерін шырқап, екінші айналымды өздерінің сүйікті әндерін шырқаудан жарысқа түсті. «Бәйтерек» сауда үйі демеушілік көрсеткен бұл байқауда Бауыржан Ширмединұлы мен Эльдар Ихсановтың жұбы жүлделі бірінші орынды иеленді.

5C373A53-E285-4B62-B458-B330F30A336B

Мерекелік кездесу Бөрлі ауылының спорт кешенінде жалғасты. Шағын футболдан  БҚО айтыскер ақындары мен Бөрлі ауданының мәдениет қызметкерлері арасындағы турнирде 20- ға жуық мәдениет қызметкерлерінен құралған 3 команда бақ сынады.
тартысты өткен ойындар нәтижесінде облыс айтыс ақындары құрамасы 2-орыннан көрініп, құрама капитаны Мұрадым Мирланов «Үздік шабуылшы», Талғат Мықи «Үздік қорғаушы» аталымдарына ие болды. Сондай ақ бөрлілік мәдениет қызметкерлері Эдуард Садықов «Үздік ойыншы», Ернар Төлеуов «Үздік қақпашы» атанды. Жалпы жарыс қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды аудандық демалу орталығының командасы иеленген болатын.

EC048ECE-85F9-4182-81EB-943C1DC024AE

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі, "Ақсай" мәдени-бұқаралық, ұлттық ат спорты кешенінің тиісті дәрежелі дипломдарымен, медальдарымен, кубокпен,  естелік сыйлықтармен марапатталды. Жалпы бұл күн айтыс ақындарының әуелете ән салып, халқымыздың дәстүрлі өнерін насихаттаған, шаршы топта доп қуалай жарысып, салауатты өмір салтын насихаттаған айтулы күн болды. Айтыс ақындарымен  жас буын күнде кездесіп, дидарласа бермейтінін ескерсек, ауданымыздың мәдени тарихындағы бір ерекше шара болды десе болады. 

Дариға Нұрашова,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале