15.02.2017, 15:25
Оқылды: 121

Айыппұл төлейтіндер көбейе бермек пе?

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңның 9-бабына сәйкес, азамат мұндай мүлікке қатысты құқық туындауы үшін негіз болып заңдық факт басталған сәттен бастап алты айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен ХҚКО арқылы жүгінуге тиіс.


Ақжайық ауданы Әділет басқармасымен «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодекстің 460-бабына сәйкес, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу мерзімін бұзған үшін 2015 жылы 52 жеке және заңды тұлғаға 626312 теңге, ал 2016 жылы 141 жеке және заңды тұлғаға 1447584 теңге айыппұл салынды. Демек, тіркеу мерзімін бұзушылар көбейген үстіне көбейіп кеткен. Әлі солай бола беретін сыңайлы. Қараңыз, осы 2017 жылғы қантар-ақпан айында 25 жеке тұлғаға хаттама толтырылып, 283625 теңге айыппұл салынып, толығымен өндірілді.

Бекем БЕКҰЛЫ,

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале