19.02.2020, 18:11
Оқылды: 69

Ақ алғыс арқалап қайтты

Теректі ауданының Ақжайық ауылы жастары «Еріктілер жылы» аясындағы іс-шараларды бастап кетті.

каррр

Мұқтаж жандарға қарасу мен қарияларды қамқорлау мақсатында ұйымдастырылған бұл жолғы істі Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, Ақжайық жастары және қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №2 Теректі аудандық пробация қызметі бірлесе атқарды.

Пробация қызметінің есебінде тұрған жастарды ортаға тартып, олардың қоғамдық белсенділігін арттырумен бұрыннан айналысып жүрген ресурстық орталық өкілдері осы жолы ауылдағы ерлі-зайыпты зейнеткерлер  Арыстановтарға қол көмегін беру жайлы бастама көтергенде біз қуана келістік. Содан біраз адам жиналып барып, ауладағы отынды кесіп-жарып, жинап бердік. Аталмыш істі әп-сәтте атқарып тастаған ауыл балаларының еңбекқорлығына қариялар  риза болып, өз  алғыстарын жаудырып жатты. Үлкендердің қуанышты жүзін көрген жігіттердің де көңілі көтеріңкі.

Иә, өмірде аңдусызда аяғын шалыс басып, құқықбұзушылыққа барған жастарды еріктілер қатарына тарту арқылы да дұрыс жолға бағыттауға  болатынына еш күмән жоқ.

                                                              Манарбек МАРЛЕНОВ,

                                             №2 Теректі аудандық пробация

    қызметінің инспекторы, әділет лейтенанты

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале