6.05.2023, 13:55
Оқылды: 10

«Ақ кимешек» әжелер ансамбліне 10 жыл

4 мамыр күні ауданымызға қарасты Қошанкөл ауылдық округінде «Ақ кимешек» әжілер ансамблінің 10 жылдық мерейтойына арналған «Әжелер салған әндер-ай!» атты мерекелік кеш өтті. Мерейтойлық кешке аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитова қатысып, ансамбльді мерейтойымен құттықтады.

20230504074349_IMG_0403

-Жер бетінде қанша халық болса оларды бір-бірінен ажыратып тұратын  тілі, діні, мәдениеті мен тарихы. Халық бар жерде бұл төрт ұғым ұштасады. Соның ішінде мәдениеттің өзін бөлек алып қарайтын болсақ, ауқымы кең ұғым. Қазіргі таңда жас ұрпақты ғаламтор, әлеуметтік желілер тәрбиелеп жатырғандығы мәлім. Бірақ, ата-бабамыздан мұра болып қалған салт-дәстүріміз бен мәдениетімізді таудан аққан бұлақ секілді жас ұрпаққа жеткізетұғын бүгінгі ауызы дуалы ақсақалдарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміз. Бұл үрдістің алдыңғы қатарында жүрген «Ақ кимешек» әжелер ансамблінің де қоғамдағы орыны ерекше, - деді аудан әкімінің орынбасары.

20230504073009_IMG_0398

Кеш барысында Ұлболсын Ғаббасова «Әриайдай», Тойған Ахет «Қызыл құмда ауылым», Орнай Масанғалиева «Замандас», Гүлмаржан Есенғалиева «Туған жерім – кең далам», Рая Құмарғалиева «Ләйлім шырақ», Нұржамал Бегалиева «Беу айдай» атты әндерді жеке дауыста орындаса, әжелер ансамблі «Куә бол», «Сәулем-ай», «Ауылым» әндерін хормен орындады. Ансамбль мүшелері тек ән айтып қана қоймай халқымыздың ұлттық өнері мен мәдениетін дәріптеп жүргені де баршаға мәлім. Бұл жолы сахнада «Киелі қара домбыра» атты қойылымдарымен жас ұрпаққа домбыраның қасиетін насихаттады. Сонымен қатар, Марат Бегалиев ағамыздың сүйемелдеуімен «Құстар әні» шырқалып, батыр ана Гүлмаржан Есенғалиева апамыз «Маусымжан» әнімен қазақ биінің үлгісін көрсетті.

20230504072413_IMG_0397

-«Ақ кимешек» әжелер ансамблі 2013 жылы қоғамдық негізде топ болып құрылып, бертін келе құрамы ұлғайып ансамбльге айналды. Ауыл мәдениетін көтеруде «Ақ кимешек» әжелер ансамблі өз үлестерін қосып, нәтижелі жұмыс жасап келеді. Мектеп оқушыларына ертегілерін айтып, қала берді қол өнерімізді, салт-дәстүрімізді, әдебиетіміз бен мәдениетімізді насихаттап жүр, - деді ансамбль жетекшісі Рая Құмарғалиева.

20230504071413_IMG_0392

Кеш соңында Казталов ауданы әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитова, Қошанкөл ауылдық округінің әкімі Ернар Ілиясов, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Меңдіхан Халықұлы мен мектеп ұжымы әжелер ансамбльін мерейтойымен құттықтап, арнайы алғыс хаттармен жіне естелік сыйлықтармен марапаттады. Сондай-ақ, Меңдіхан Халықұлы ансамбльдің белсенді мүшесі Гүлмаржан анамызға «Асыл ардагер» төсбелгісін табыстады.

20230504065608_IMG_0373

20230504064825_IMG_0372

20230504070002_IMG_0378

20230504063357_IMG_0353

20230504063908_IMG_0363

 

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале