13.07.2021, 9:30
Оқылды: 47

Ақ жүрек азаматтар аман болсын!

Жәнібек Абировтың Қарауылтөбе ауылына әкім болғанына онша көп  уақыт бола қойған жоқ. Осы  реттен алғанда және жалындап тұрған жастығын қоса ескергенде алғашқы аяқ алысынан көп үміт  күтуге болатын сияқты. Біз бұл  мақаламызда Жәнібекпен әлденеше рет әңгімелесе жүріп, жас әкімнің атқарып жатқан шаруасына, Қарауылтөбенің бүгінгі халіне, келешек күндеріне үңілуге тырыстық. Әкімнің ауылдастары жайлы жүрекжарды сырларына құлақ түрдік. Келер күндердің келбетін көз алдымызға елестетіп, жас әкіммен бірге  армандадық. Сонымен жас  басшының көзімен  Қарауылтөбенің қазіргі тыныс-тіршілігі, болашағы төмендегідей болып ақ параққа құйылды.

369FD63D-0478-49C8-AE51-A3D709EFCA92

Абировты ауылға әкім болып жұмысқа алғаш кіріскен күндерінде бір-ақ мәселе мазалапты. Ол өзіне дейінгі әкім ағаларының жасағанын, ауылдың барын, сол күйін жоғалтып алмау еді. Жақсы істерді жалғап, өзінің идеяларын жүзеге асыру үшін кәдімгідей жүдепті. Ал жүдететін мәселелер кезек күтіп, толып тұрды. Бірінші кезекте қазіргі оқу үрдісінде әлеуметтік желінің ауадай қажеттігі күйіп тұр екен. Оқушылар, студенттер онлайн оқуға көшкен, оны ауадан ұстау үшін үйдің төбесінде, дала төсінде тентіреп жүрген бір адам. Осыны бірден қолға алды. Төрт ай бойы өтініш-хаттармен байланыс орталықтарын «бомбалап», аяқтай барып, ақыры шешті. Билайн 4G қондырып, қарауылтөбеліктер арқа-жарқа болды. Сонда ғой ауылдастарының өзіне сенім артып, әркім өздері жеке-жеке пайдаланып келе жатқан күшейткіш қондырғыларын бір кісідей айырып, ауызбіршілік танытқандарына Жәнібектің жүрегі жарылардай қуанғаны. Қуанбай қайтсін, онлайн байланыстың нашарлығынан шәкірттердің, студенттердің білімі нашарлап кетеді-ау деп уайымдады ғой. Өйткені, бұл ауылда да білімге құштар шәкірттер мен студенттер баршылық. Солар мынау пандемияның алмағайып кезінде әлеуметтік желіден біліктіліктерін алаңсыз шыңдай берсе екен, болашақта олар да білімдерімен озық көрінсе екен деген тәтті арман жас әкімнің бір бүйірін жылытады да жатады.

Мақаланың толық нұсқасын облыстық "Орал өңірі" газетінің 13 шілдедегі  №56 санынан оқи аласыздар.

Есенжол  Қыстаубаев,

«Орал  өңірі»  газетінің арнаулы  тілшісі

Қарауылтөбе ауылы,

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале