3.05.2022, 12:30
Оқылды: 51

Ақберен Түркиядан жеңіспен оралды 

Сырым ауданында көздің қарасындай болған Көздіғара деген ауыл бар. Көздіғара даңқын шу-дүрбелеңмен емес, береке - бірлікпен - ақ әйгілі етіп отыр. Кешелі бері құмды ауылдың атағы тағы да аспан шамаласты.

7373595A-AD68-475E-83CF-4122E3CA319F

Көздіғарадағы негізгі мектепте оқитын Ақберен Мақсот 2020 жылы «Мен де жұлдыз боламын!» атты балалар мен жасөспірімдер арасындағы республикалық шығармашылық байқауда Жұбан Молдағалиевтің «Мен – қазақпын!» жырын жатқа оқып, жеңімпаз атанған еді. Жарыс қорытындысымен Ақберенге Түркияға жолдама берілді.

4B04DA5E-CD94-46BA-B8EC-35F4D3C304D0

Сәуірдің аяғында Эгей теңізінің жағасында өлең оқып тұрды. Измир қаласында өткен «International Foca Forgetten Children's Games and Dance Festival» атты халықаралық балалардың өнер фестиваліне Болгария, Мажарстан, Македония, Косова, Босния мен Герцеговина, Грекия, Сербия, Молдова, Украина, Әзірбайжан секілді бірқатар мемлекеттің өрендері қатысқан. Сүйіншіміз сол, сан мемлекеттен келген өнерпаздарың арасында қазақтың жалауындай желбіреген Ақберен Мақсот Түркияны да мойындатып, жеңімпаз танылды.

CB616C30-C57A-4A53-9721-0F860211BCCC

Жанымызға ең жылы тигені – ініміз түрік жұртының төрінде «Мен қазақпын! Қарасам ат үстінен, Әлем бағынатындай маған ғана!» - деп келетін біздің жырымызды оқыпты. Түбі бір туысқан елдер – түрік пен қазақтың тарихын жырлайтын төрт ауыз өлеңіміз Ақбереннің арқасында шекара асты. Алланың қалауымен, Ақберен арқылы біздің ақын атымыз Ататүрік елінде аталды.

Шәкірттің шеберлігі – ұстаздың ерендігі дегендей, осы тұста Жақсыгелді Қайыров басқаратын Көздіғара негізгі мектебінің ұстаздарының да еселі еңбегін, әсіресе жетекшісі Айнұр Файзуллинаның жанкешті жұмысын айтпаса болмас.

Бұйырса, Ақберен қазақтың өлеңін арқалап Болгария мемлекетіне барады. Жолың болсын, жас жүйрік!

 Бауыржан Ширмединұлы,

ақын

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале