24.05.2023, 12:18
Оқылды: 155

Ақбөкендер Тасқала ауданы аумағына да жетті

Соңғы кезде аудан аумағында киіктердің көбейіп кеткені тұрғындарды қатты алаңдатуда. Әсіресе, бұл егін егіп, мал баққан шаруалар үшін үлкен мәселе. Олар, сайын далада жөңкілген киіктер шабындықты таптап, егістігімізді күйретіп жатыр деп, дабыл қағуда. Ал, біздің ауданда киіктерді бақылайтын арнайы маман жоқ.

20230521072644_IMG_8264

Бірақ, мәселенің анық-қанығын білу үшін аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Самиғолла Рахметоллаұлына хабарластық. Оның айтуынша, киіктер  барлық округтердің аумағын жайлап үлгерген.«Қазіргі таңда аудан көлемінде киік санының артуы салдарынан  Қазақстан, Қосшы, Мереке, және Шежін ауылдық округі аумағындағы елді-мекендер мен агроқұрылымдардың шабындық және жайылымдық жерлерінің тапталу  фактілері орын алуда. Соңғы күндері  киіктер мекендеген округтер қатарына Мерей, Амангелді, Достық және Ақтау ауылдары да  қосылып,  бұл аумақтарда да жоғарыдағы мәселе орын алып отыр.  Бірақ дәл санын анықтау мүмкін емес. Әр округте көзге түскендері шамамен 200-300 дей басты құрайды. Ал, аудан бойынша егістік алқаптардағы киік саны 1500 дің шамасы  деген болжам бар. Ұзын саны 2000-3000ға жетіп жығылады. Оны  шешу үшін тиісті шаралар қабылдау қажет- дейді, ол телефон арқылы сөйлескенімізде.

Нәпақаларын жерден тауып, қолдағы бар азын-аулақ малдарына шөп дайындап алатын шаруалар үшін бұл оңай болмай тұр. Сондықтан бұл мәселеге жоғарғы жақтағы басшылар  араласып, көмек қолдарын созады деген үміт бар.

Назгүл Серікқызы,

Тасқала ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале