16.12.2021, 17:31
Оқылды: 26

«Ақботадағы» танымдық сайыс

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай «Ақбота» бөбекжайында кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен қызметкерлер арасында «Тәуелсіздік –баға жетпес байлығым» атты танымдық сайыс өтті.

акбота

«Желтоқсан», «Тәуелсіздік» атты екі топ «Қанат қақты» кезеңінде сұрақтарға жауап беріп, «Даталар сөйлейді» кезеңінде берілген даталарды сөйлетті. «Жерұйық» кезеңінде ақын-жазушы, ғалымдардың дана сөздері мен өлең жолдары оқылып, авторларын тапса, «Шырқауда» әр команда өз өнерлерін көрсетті.

Сайыс нәтижесінде «Тәуелсіздік» тобы І орын, «Желтоқсан» тобы ІІ орын иеленді.

Балауса Кинжалиева,

«Ақбота» бөбекжайы кәсіподақ төрайымы

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале