23.05.2023, 16:45
Оқылды: 66

Ақбұлақ ауылындағы аламан

Бөрлі ауданының Ақбұлақ ауылында керемет мереке өтті.

Ауыл тұрғындарының түгелдей қатысуымен Ақбұлақ ауылындағы атшабар алаңында ат тұяғын дүбірлеткен кең көлемді аламан бәйге жарысы өткізіліп, соңы мал мен жан амандығы үшін тасаттық садақа беруге ұласты. Бәйгенің салтанатты ашылу рәсіміне Ақбұлақ ауылының әкімі Ерлан Өмірғалиев сөз сөйлеп, ауыл еңбеккерлері мен ауыл шаруашылығы саласында еңбек еткен ардагерлерді алғысхатпен марапаттап сыйлық сыйлады. Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Жәрдем Сейтов шабандоздарға сәттілік тіледі.

бөрлі (4)

- Атбегілік - атадан қалған кәсіп. Қазір жастарымыздың арасында тай жаратып, жылқы баптауға ден қойғандар қатары көбейіп келеді. Ұлттық спортты дамыту жастар үшін маңызды іс. Бүгінгі өткізіліп отырған бәйге де осының айғағы. Осы шараға демеушілік танытқан барша ауыл халқы мен шаруа қожалық басшыларына үлкен рахметімізді айтамыз. Сонымен қатар халықты межелі жерге жеткізуге автобус шығарып, киіз үй тігіп, жол тегістеуге автогрейдер техникасын тегін берген «Аксайавтотранс» АҚ президенті Идиаттолла Хасановқа алғысымды жеткіземін,- деді ауыл әкімі.

Тұлпарлар бақ сынасқан аламан бәйгеге Қызылтал және Ақсу ауылдарының шабандоздары да қатысты. Дүбірлі дода тай және аламан бәйгелерінен бөлек, арқан тарту мен қой көтеру, қой сою, қой шегін ашу сайыстары да ұйымдастырылды.

бөрлі (1)

Жарыстың қорытындысында аламан бәйгеде бірінші орынды қызылталдық Нұрдәулет Дәулетқалиев (жүлде қоры 100 000 теңге), екінші орынды ақбұлақтық Диас Ғайса ( жүлде қоры 70000 мың), үшінші орынды ақбұлақтық Айтуған Муканова (жүлде қоры 30 000 теңге) жеңіп алды.

Тай жарысының үш жүлдесі де ақбұлақтық шабандоздарға бұйырды. Мәреге алғашқы боп Арсен Жакиевтың (жүлде қоры 50000 теңге) тайы бірінші келсе, Диас Ғайсаның (жүлде қоры 30 000 теңге) тайы екінші, Азат Трумовтың тайы ( жүлде қоры 20 000 теңге) үшінші келді.

бөрлі (3)

Көрерменге қызық болған қой сою сайысында шапшандылығымен көзге түскен Жанболат Ерғазиев жеңімпаз атанды.

бөрлі (2)

Ал Нұрхат Мыңбаев пен Әділ Мусиндер екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті. Көпшілікке таныс емес, дегенмен ең қызық жарыс - қой шегін ашу сайысында төрешілер Эльвира Жанболатоваға бірінші орынды берді. Ал Рабиға Утегенова екінші,  Рысты Абдуалиева үшінші орынды иеленді.

Арқан тарту ойыны да қызықты өтті. Білектегі күштеріне сенген ауыл жігіттері командаларға бірлесіп, өз жанкүйерлеріне тамаша көңіл-күй сыйлады. Нәтижесінде "Әділдің жігіттері" командасы (жүлде қоры 10 000 теңге) жеңімпаз атанды. "Нұрланның жігіттері" командасы (жүлде қоры 7000 теңге) мен "Мерхаттың жігіттері" командасы (жүлде қоры 3000 теңге) екінші, және үшінші орындарды өзара бөлісті.

бөрлі (2)

Ал қой көтеру жарысында алдына жан салмаған Жеңісбек Жәнібек жарысқа тігілген қойды өзі еншілеп кетті.

zhaikpress.kz

бөрлі (1) бөрлі (5)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале