Ақжайық ауданының Ілбішін ауылындағы табысы аз отбасылардың орта мектептегі ұл-қыздары үшін «Сахарный» мұнай жылыту стансасының ұжымы басшысы Әнуар Өтемісовтың бастауымен 140 мың теңгеге мектеп сөмкесін, оқу құралдарын алып берді.
Ал Қаршы орманшылығының жұмысшы-қызметкерлері бірнеше шәкіртке осындай көмек берді және мектеп ауласының қоршауын көріктендіруге қол ұшын созды.
– Осындай қайырлы іс үшін бүкіл ауылымыз қуанды,-дейді аталған мектеп директорының орынбасары Ажар Меңдібайқызы.
Бекем БЕКҰЛЫ,
Ақжайық ауданы