29.04.2025, 17:45
Оқылды: 166

Акция Казталов ауданынан бастау алады

Жалпақтал ауылындағы жастар «COWORKING» орталығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен 20 сәуір-20 маусым аралығында «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» деп аталатын акцияның Казталов ауданында басталуына орай арнайы жиын өтті.

IMG_6313

Жиынға ауылда тұратын әйел адамдар мен белсенді топ мүшелері қатысып, акцияның мақсатын қоғамның назарына ұсынған Казталов аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдана Мұханбетованың, аудандық полиция бөлімінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға испекторы, полиция майоры Гүлфайруз Кенжебаеваның, отбасын қолдау орталығының директоры Айдана Сапарованың хабарламаларын тыңдап, аталмыш акция туралы мол мағұылыматқа кенелді. Жиын соңында шараға қатысушалармен тренинг ұйымдастырылып, акцияны қолдау белгісі ретінде қызғылт сары түсті таспаша мен ақпараттық үнпарақтар берілді.

IMG_6317
Шарадан кейін белсенді әйелдер отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасына көңіл аудару және отбасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты қолдап, ауыл көшелеріне арнайы әзірленген парақшалар таратты.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

IMG_6326

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале