12.06.2025, 15:00
Оқылды: 118

Әке мен бала - бірлік пен жігердің үлгісі

Казталов аудандық спорт кешеніңде “Салауатты отбасы” бастауыш партия ұйымдары мүшелері арасында Әкелер күніне орай көңілді эстафета жарысы өтті.

image-12-06-25-02-12

Бұл шара – отбасы құндылығын дәріптеу, әке мен бала арасындағы байланысты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілді.

Жарысқа Қараоба, Қайыңды, Бостандық, Казталов, Болашақ, Әжібай ауылынан келген әкелер мен балалары бір команда болып қатысып, арқан тарту, доппен кедергіден өту, секіртпемен секіру, қаппен секіру сынды қызықты кезеңдер бойынша бақтарын сынады. Көрермендер көңілді сәттерге куә болып, командалар бір-біріне қолдау білдіріп, ұйымшылдық танытты.

image-12-06-25-02-12-2

Көңілді эстафетада І орынды Қараоба БПҰ иеленсе, ІІ орынды Қайынды БПҰ, ІІІ орынды Бостандық БПҰ қанжығасына байлады. Белсене қатысқаны үшін Казталов БПҰ, Болашақ  БПҰ, Әжбай БПҰ командалары марапатталды. Жарыс соңында барлық қатысушыларға диплом мен естелік сыйлықтар табысталды.

 

Мейірім Парасат,

Казталов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале