13.09.2019, 15:22
Оқылды: 19

Әкім ауылдардың жағдайымен танысты

Шыңғырлау ауданының әкімі Ержан Тұрмағамбетов ауданның ауылдық округтерін аралап, жағдайымен танысты.

 фото (3)

Сапар барысында ауыз су, көгілдір отынмен қамтылу барысын және тұрғындардың әлеуметтік жағдайын бағамдап, ауыл тұрғындармен әңгімелесті. Әсіресе ауылдық жерлердегі жұмыссыздықты жою мәселесін ескеріп, ауылда мал, құс өсіріп, жеке қожалық құрып, орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту тетіктерін түсіндірді.

фото (2)

Аудан басшысы Ақтау, Ардақ округтердегі әлеуметтік нысандардың  қыс мезгіліне дайындығы, жылыту қазандарының әзірлігі туралы жауапты адамдардың мәліметін де тыңдады.

фото (5)

Аудан әкімімен емен-жарқын әңгімелесіп, тұрғылықты жердегі өзекті мәселелерін де алға тартқан ауыл ақсақалдары жақында тағайындалған әкімнің жұмысына сәттілік пен табыс тіледі.

Айсұлу Мұса

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале