Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев – «Сырым елі» газетін ұдайы қолдаушылардың бірі. Аудан әкімі былтыр редакцияның ауласын қоршауға жәрдемдессе, биыл редакция көшесіне тротуар тартып, ауласына өрнектас төсеп берді. Жақында өткен газеттің 90 жылдық тойының да жарқырап өтуіне атсалысты.

Төлеген Төреғалиев әкім ретінде ғана емес, газетті оқырман есебінде де ерекше қолдап, жақында ауданның 11 тұрғынын 1 жылға «Сырым елі» газетіне жаздырды. Осыған дейін ауылдық округтердегі жастардың, ұжымдардың, кәсіпкерлердің аудандық басылымның жазылымына демеуші болып жатқанын жазған едік. Солардың қатарына аудан әкімі де қосылды.
«Сырым елі»
zhaikpress.kz