9.02.2022, 15:10
Оқылды: 61

Әкім дүкен бағасымен танысты

Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев Аралтөбе ауылдық округіндегі сапары кезінде «Тәтті» дүкеніне бас сұғып, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағаларымен танысты.

IMG_4800

Гүлмира Оразғалиева 2000 жылдан бері саудамен айналысады. «Тәтті» дүкені – оның ащы терінің өтеуі. Дүкен сөресінде халыққа қажетті азық-түлік, тамақ өнімдері мен тұрмыстық тауарлардың барлығы бар. Бағасы да қолжетімді. Мәселен, бір қалаш нан 150 теңгеден, ұн 8000, 1 литрлік өсімдік майы 700, картоптың келісі 230-дан сатылуда.

IMG_4803

Халықтық тұтынымдағы 19 түрлі тамақ өнімінің бағасына қосылатын қақтың 15 % - дан асырмау жөнінде айтқан аудан әкімі кәсіпкердің еңбегіне береке тіледі.

Гүлмира Оразғалиева округтегі қайырымдылық шаралардан қалыс қалмайды. Мысалы, оның дүкені әр жұма сайын халыққа тегін нан үлестіреді.

Б.Шерім,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале