Қазіргі таңда баспасөзге жазылу науқанының соңғы күндері екені белгілі. Сондықтан да "Казпочта" мекемесінде жазылушылардың қарасы күндегіден молдау.
Бүгін Бөрлі ауданының әкімі Еркебұлан Ихсанов "Казпочта" АҚ барып, баспасөзге жазылу науқанының барысымен танысты. Танысып қана қоймай, әкім өз отбасына бірнеше газет жаздырды. Сонымен бірге ауданның 5 еңбек ардагеріне "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда", "Орал өңірі", "Приуралье", "Бөрлі жаршысы", "Ел және мұғалім" газеттерін жаздырып берді.
Аталған басылымдарды ардагерлердің мекен-жайына жаздырып, олардың уақтылы жеткізіліп тұруын қадағалап тапсырды.
Дариға Нұрашова
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz