Сырым ауданы Жымпитыдағы «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы орналасқан ғимараттың ауласын қоршау туралы мәселені Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиевке журналистер күніне орай өткен кездесуде айтқанбыз. Өйткені, ауласы жоқ алаңқайда редакция мекемеге емес, қырдағы үйге қатты ұқсайтын. Бәрінен бұрын келген оқырмандардан ұят еді.
Айтқанымыз айтқан жерде қалмасын деп, кездесуден кейін аудан басшысының атына редакцияның басқа да шаруашылық мәселелерін көрсетіп хат жолдадық. Әкім сөзінде тұрды. Газет үйінің ауласын әдемі етіп қоршатып, есік пен қақпасын орнаттырып берді. Біздің өтінішіміздің орындалуы үшін аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімі мен «Сырым» мемлекеттік мекемесінің, Жымпиты ауылдық округі әкімдігінің мамандары аяқтай жүрді.
Бұл да болса, жергілікті биліктің ақпарат саласына деген құрметі болса керек.
Бауыржан Ширмединұлы
газеттің редакторы
Сырым ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер