20.01.2021, 10:52
Оқылды: 52

Аққозыда атқарылар іс аз емес

19 қаңтар күні Қаратөбе ауданы әкімі Жанат Асантаевтың халық алдындағы есептік кездесуі Аққозы ауылдық округінде жалғасты. Саяси маңызды науқан  саналатын жиында өткен жылы атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы уақытта жүзеге аспақ шаруалар ауыл халқымен бірлесе талқыланды.
7F6DA604-4AAE-4474-BB29-549512B0999C

Жиынның күн тәртібімен таныстырған округ әкімі Қоныс Мұқанов есепті кезеңде округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап берді.

– Округте денсаулық саласы бойынша аурудың алдын алу, скринингтен өткізу кезінде анықталған науқастарды емдеу жұмыстары аудандық аурухана дәрігерлері басшылығымен атқарылып келеді. Денсаулық саласында дәрігерлердің бала күтімінде болуы ауыл тұрғындарына қиындық тудыруда. Ауылдағы фельдшерлік пункт күрделі жөндеуді қажет етеді. Байланыс жүйесі интернеттің жоқтығынан дәрігерлер аудан мен екі ортада уақыт өткізеді. Осы қиындықтарды жою үшін фельдшерлік амбулаторияға «Қазақтелеком» мекемесі арқылы спутниктік интернет орнатуды сұраймыз.

Басқа да байланыс салаларының қызметтері біркелкі. Яғни айтқанда почта, электр желісі, телефон және сумен, газбен қамту жұмыстары халыққа қызметтері біршама жақсарып келеді. Қоржын ауылы бойынша тұрғын үйлердің 99% су кіргізілсе, жазғы уақытта сумен қамтамасыз ету қиындықтар туғызды. Көгілдір отынға 83 отбасы қол жеткізді. Оның 8 отбасы Бесоба ауылынан.

20C09403-6A17-4739-9781-375CCC426E12

Жыл аяғында округ орталығы Қоржын ауылына «Activ» ұялы байланысы қосылған болатын. Дейтұрғанмен ұялы байланыстың қарқыны көңіл көншітпейді.

2020 жылдан бастап төртінші деңгейдегі бюджетпен жұмыс жасап келеміз. Бұның басты ерекшеліктері салықтан түскен бюджет қаражаттары өз округіміздің экономикалық дамуына жұмсалады. Осыған орай округімізде кәріз суларын төгетін полуфильтрацияға орын белгіленіп жасалынды. Осы жобаға 615 000 теңге қаражат жұмсалды, - деген округ әкімі Қоныс Ізімұлы пандемия кезінде ұйымшылдықпен атқарылған шаруаларға да тоқталып өтті.

Округ әкімінің баяндамасын мұқият тыңдаған аудан әкімі Жанат Асантаев ауданның барлық саласы бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.

– Ағымдағы жылдың 1 қаңтарына аудандағы экономикалық белсенді халық саны – 8 306 адам.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының I бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету» шеңберінде 25 адам техникалық және кәсіби оқытуға, 47 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданды. Есепті кезеңге 34 адам қысқа мерзімді оқуды аяқтап, 16 адам тұрақты жұмысқа орналастырылса, 18 адам қайтарымсыз грант иесі атанды.

Бағдарламаның III бағыты «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» аясында өткен жылы 1 235 адам жұмысқа орналастырылды.

2020 жылға 599 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланса, есепті кезеңге 804 жаңа жұмыс орны ашылды, соның ішінде 421 тұрақты жұмыс орны, 383 уақытша жұмыс орны, - деді жұмыспен қамту саласы жөнінде аудан басшысы Жанат Асылханұлы.

Есептік кездесуде сөз сөйлеген ауыл тұрғыны Асқар Арманов округте ұялы байланыс қызметі жақсарса деген өтінішін айтса, Қайыршақ Жұмағалиев ақсақал ауыл көшелерінде көше шамдарының аздығын және ауылдан шығатын қоқыстар арнайы орынға апарылып төгілсе деген пікірін тілге тиек етті. «Аққозы» ауыл шаруашылық кооперативінің жетекшісі Серікқали Нұрәділов округте қой жүндерінің пайдасыз қалатынын айтып, ауылдан тігін цехын ашу жолдарын қарастыру жөнінде ұсыныс тастады.

Аудан, округ әкімдерінің есептік баяндамасын тыңдаған тұрғындар оң бағасын берді.

Жиын соңында аудан басшысы Жанат Асантаев жеке мәселелері бойынша кездесуге тіркелген округ тұрғындарына қабылдау жүргізді.

 Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале