Жәнібек ауылының Х.Чурин көшесіндегі бассейнге тұрақтаған аққулар ауа райының күрт сууына байланысты қатып қалған судың ортасында қалып қойған. Бұл жағдайды байқаған тұрғындар күннің жылынуын күтіп, түске таман мұзды ойып, бірден аудандық төтенше жағдай бөліміне хабарласыпты.

- Хабар түскен бойда бірден оқиға орнына барып, құтқару шараларын қолға алдық. Біреуінің аяғы жарақатталған. Ол туралы аудандық ветеринария бөліміне хабарласып, мамандардың көмегіне жүгіндік. Сондай-ақ жергілікті тұрғындар Анатолий Дуюнов пен Мирболат Сейткереев арнайы құралдармен қол ұшын созды. Қазір аққулар қауіпсіз жерге жеткізіліп, күтімге алынды. Алдағы уақытта ұшып кетпесе, көктем мезгіліне дейін сол жерде болады, - дейді аудандық өрт сөндіру бөлімінің басшысы Жақсылық Есентаев.


Г. Қабдолова,
Жәнібек ауданы