20.04.2022, 12:30
Оқылды: 74

«Ақмаңдайлымға» арналған ән кеші

Шыңғырлау аудандық мәдениет үйінде күміс көмей әнші, қазақтың бұлбұлы, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толуына арналған «Ақмаңдайлым» атты әдеби-сазды кеш өтті.

17

Өнер шарасы мәдениет үйінің көркемөнерпаздары әзірлеген театрландырылған көрініспен ашылып, әншіге арналған арнау оқылды.

18

Сондай-ақ көрермендер 70 жылын сахнаға арнаған Роза Тәжібайқызының өмірбаяны баяндалған бейнероликті тамашалады.

19

Ел мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан сахна саңлағы, әлемнің 54 елінде ән шырқаған, қайталанбас ғажап дауыс иесі, ұлттың ұлы әншісі Роза Бағланованың өнегелі өмір жолы насихатталған сазды кеште Аңсаған Хибашов «Бәрінең де сен сұлу», Бейнегүл Сарсенова «Әдемі-ау», Әселхан Мұхамбетші мен Аңсаған Хибашов «Айналайын», Халықтық «Елім-ай» әжелер ансамблі «Сәулем-ай»,  «Кестелі орамал»,  Айдос Исекенов пен Гүлхан Құтжанова  «Іңкәрім-ай» әндерін орындап, тыңдармандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

20

Б.Баймағамбетова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале