15.10.2018, 18:22
Оқылды: 48

Ақобада күрделі жөндеуден өткен ФАП ашылды

Жәнібек ауданы Ақоба ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды.

IMG_0043

         Әлеуметтік маңызы бар нысанның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов, аудандық орталық аурухананың директоры Сәуле Исмағұлова және ауыл тұрғындары қатысты.

         Тұрғындарды бұл қуанышты сәтпен аудан басшысының орынбасары және бар ғұмырын денсаулық саласына арнаған, ардагер Өтеген Құбаев құттықтады. Олар тендерді ұтып алған «БатысКотлоМонтаж» ЖШС-ға алғыс білдірді.

Жаңа әлеуметтік нысанның лентасы қиылған соң аудан әкімінің орынбасары және жергілікті тұрғындар фельдшерлік-акушерлік пункттің ішін аралап көрді. Мұндағы фельдшерлік кабинет, екпе бөлмесі және акушерлік кабинет орналасқан. Кабинеттердің бәрі де толықтай аппараттармен жабдықталып, жұмысқа білікті мамандар ауылдағы 890-ға жуық тұрғынның барлығына да қажетті медициналық көмек көрсетуге әзір. Мұнда күнделікті денсаулығына шағымданған жандарға кез келген көмек көрсетіледі. Әсіресе денсаулығына жиі шағымданатын қарттар үшін. Енді олар кез келген мәселе бойынша жергілікті мамандарға жүгіне алады.

         Г.Төреғалиева,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

IMG_0019 IMG_0035 IMG_0037

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале