Ақжайық өңіріне қуанышты хабар тарады. Казталов ауданы Ақпәтер ауылында қасиетті жұмада жаңа мешіттің қазығы қағылып, игілікті рәсім өткізілді.
Халық игілігіне берілетін жаңа мешіттің құрылысы асыл дінімізге жанашыр, жомарт қолды азамат, Қазақстандық танымал сатира әктері, «Әзіл Әлемі» әзіл-сықақ театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Қабатовтың демеушілігімен жүргізілетін болады.
Жалпақтал ауылдық мешітінің бас имамы Тілепберген қажы Нұрәлиев Құран оқып, құрбан шалынды.
Жиында самбодан әлем чемпионы Нұрбол Серіков, ауыл әкімі Нұрхат Сатыбалдыұлы, ауыл ақсақалдары арнайы қатысып, сөз сөйлеп, игі қуанышпен бөлісті.
Нұрлан Саматұлы,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы