27.12.2024, 15:30
Оқылды: 22

Ақпәтерлік тұрғын: «Осы жыл – біздің отбасымыз үшін сәтті болды»

Жалпы жыл өткен сайын Тәуелсіз Қазақстан елі бейбітшілік туы астында көк байрағын желбіретіп, дамыған елдер қатарында көптеген жетістіктерге жетіп келеді. Еліміздің экономикалық даму үрдісі де көңіл қуантады. Бұның бәрін ел тәуелсіздігінің арқасы деп ұғынғанымыз жөн.

IMG-20241226-WA0023

– Мен, Казталов ауданы, Ақпәтер ауылының қарапайым тұрғынымын. Алақандай ауылда өскен біздер үшін қазақы салтымыздың қаймағы бұзылмаған ауыл тұрмысынан асқан жайлы жер жоқ сияқты болып көрінеді. Оның үстіне үкіметіміз соңғы жылдары ауылға көп көңіл бөліп, оны дамыту жолында кешенді бағдарламаларды жүзеге асыруды қолға алуда. Осының арқасында көптеген ауылда бұрын-соңды болмаған игі істер кезең-кезеңімен қолға алынып, ауыл көркі кәдімгідей ажарланып қалды.

4
Мәселен, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен елімізде тұрғын үй кезегіндегі азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында облысымыз бойынша ауыл тұрғындарына арнап 800 үй салынып жатса, біздің Казталов ауданында аталған бағдарлама аясында 142 тұрғын үйдің іргесі қаланып, өз иелеріне табысталуда. Бұны біз бір жағынан жергілікті БАҚ деректерінен оқып хабардар болсақ, екінші жағынан өзіміз де осы қуаныштың қақ ортасынан табылып, мемлекеттің тиімді бағдарламасының арқасында бір отбасынан шыққан екі қызымыздың бір күнде қос баспанаға ие болғанын көріп үлкен қуанышқа кенелдік. Қазіргі кезде Ақпәтер ауылында тұратын Райхан қызымыз бен Талдықұдық ауылында тұратын Мөлдір қызымыз су жаңа баспананың иесі атанып отыр. Сондықтан ардақты да аяулы ауылымыздың болашағын жақсартуға өз үлестерін қосып, ел Президентінің сындарлы саясатын шалғай жерлерде іске асырып отырған жергілікті билік өкілдеріне тұрғындар атынан өз ризашылығымызды білдіреміз, - дейді Ақпәтер ауылының тұрғыны Меңдігүл Миняжева.

Қыдыр Харесұлы
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале