2024-2025 оқу жылында «Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» атты Ұлттық байқау өткен болатын. Конкурс үш номинация бойынша оздырылды. Олар: «Табиғатқа жанашыр ұйым», «Үздік экологиялық жоба», «Экологиялық сауат және ақпараттандыру».

Аталмыш сайыстың облыстық кезеңінде Ақсай қаласының №3 ЖОББМ-і «Табиғатқа жанашыр ұйым» номинациясы бойынша жүлделі І орынға ие болған болатын. Ал республикалық кезеңде ІІ орынға ие болды.
Осыған орай, жақында Батыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы Алматай Жұмағазиев қаламыздың №3 ЖОББМ-іне келіп, Бөрлі ауданының білім беру бөлімі мен педагогтерін құттықтап, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің марапатын мектеп директорына табыстады.
Айдана Абдрахманова,
Бөрлі ауданы