Жақында 2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша Қазақстанның үздік 100 мектебі анықталған болатын. «Үздік 100 мектеп» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың бастамасымен іске асырылып жатқан жоба.

Еліміздің «Үздік 100 мектебінің» қатарына Ақсай қаласының №4 ЖОББМ-і енді. Аталған марапатты БҚО бойынша Білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің бас маманы Гүлдан Боранбаева Ақсай қаласының №4 ЖОББМ-нің директоры Жанар Жақсығалиеваға табыстады.

Мектептерді бағалау барысында олардың білім беру сапасын сырттай бағалау нәтижелері, мемлекеттік аттестаттау қорытындылары, оқушылардың жетістіктері, педагогтердің біліктілігі, инклюзивті білім беру үшін жағдай жасауы, тәрбие жұмысының тиімділігі, қолайлы мектеп ахуалы, ғылыми, экологиялық және әлеуметтік жобаларға қатысуы, басқарудағы ашықтық қағидаттары сияқты барлық жағынан тексерілген.
Айдана Абдрахманова,
Бөрлі ауданы