2.07.2024, 10:30
Оқылды: 131

Ақсай қаласында фестиваль өтті

Ақсай қалалық №3 ЖОББ мектепте аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Бала деген бір бақыт!» атты аудандық фестиваль өтті. Фестиваль балалардың жеке қасиеттерін арттырып, шығармашылық қабілеттерін, өнерлерін дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

8BD1BE65-BF98-45B1-8DA0-AA9F43687396

Фестивальге ауданның қала, ауылдарынан жиналған 22 мектептің оқушылары қатысты. Балалардың бәрі мектептердегі жазғы лагерьлерге барады. Әр мектептен 5 оқушыдан 111 бала жиналды.

Шара басталмастан бұрын балаларды танымал ертегі кейіпкерлері қарсылап алды. Оқушылар сүйікті кейіпкерлерімен бірге ойнап, билеп, түрлі жаттығулар жасап, көтеріңкі көңіл-күйде болды.

5F43F803-917B-48A2-A0BC-4B43C1588D0E

Фестивальдің салтанатты ашылуына Бөрлі аудандық білім беру бөлімінің басшысы Айымгүл Тржанова қатысып, балаларға сәттілік тіледі.

– Біз жазғы демалысқа шыққан балалармен кездесу үшін Ақсай қаласында фестиваль ұйымдастырдық. Бұл фестиваль ауданымызда алғаш рет өткізіліп отыр. Баршаңызды көріп тұрғаныма қуаныштымын. Жазғы демалыстарыңыз жақсы өтіп жатыр деп ойлаймын. Бүгінгі күн балалардың есінде қуанышты күн ретінде қалады деп үміттенемін. Алдағы екі ай демалыстарыңыз ең күшті сәттерге толы өтеді деген ойдамын, - деді аудандық білім беру бөлімінің басшысы Айымгүл Мақсотқызы.

Кейін МТЖО психологі Асель Капизова сергіту сәтін ұйымдастырып, балалармен бірге жаттығулар жасады. Жалпы фестиваль екі жарыстан тұрды. Олар: сурет салу және спорттық эстафета ойындары. Балалар спорттық ойындарда сегіз командаға бөлініп жарысты. Екі сайыста аяқталғаннан кейін балалар мектептің акт залында «Қажымұқан» мультфильмін көрді.

Балаларға мультфильм ерекше әсер сыйлады.

Фестиваль соңында екі жарыстың нәтижесінде үздік деп танылғандар марапатталып, естелік суреттерге түсті.

Айдана Абдрахманова

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале